...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Саратов – Алматы пойызының вагоны рельстен шығып кетті

Шиелі – Түркістан учаскесінде Саратов – Алматы бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызының бір вагонының дөңгелек жұбы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, оқиға 16 маусымда сағат 12:49-да техникалық себептермен болған.

Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғанымен, олар бас тартқан.

Оқиғаның салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді.

Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындалды. Отырғызу және жөнелту жедел режимде ұйымдастырылды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Дереккөз: Inform.kz