Қыркүйектің 22-24 аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 22 қыркүйекте түнде ауа температурасы +6…+8°С, күндіз +20…+22°С болады. Жел секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады.
23 қыркүйекте күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Түнде +9…+11°С, күндіз +18…+20°С күтіледі.
24 қыркүйекте жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С болады.
Алматыда 22 қыркүйекте түнде жел екпіні секундына 12 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С.
23 қыркүйекте жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С.
24 қыркүйекте де жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С күтіледі.
Шымкентте 22 қыркүйекте әлсіз жел соғуы мүмкін. Түнде +12…+14°С, күндіз +28…+30°С.
23 қыркүйекте күндіз жел екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +13…+15°С, күндіз +29…+31°С.
24 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +13…+15°С, күндіз +27…+29°С болады.
Ел бойынша осы күндерге арналған ауа райы болжамымен сілтеме арқылы танысуға болады. Сондай-ақ 2026 жылғы қазан айының қандай болатыны да белгілі болды.
