Қазақстан астанасы мен екі ірі қаласында 2-4 қазан аралығында ауа райы құбылмалы болады: күн ашық күндермен қатар жаңбыр, найзағай және қар жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ел метеорологтары ауа райы мен табиғи құбылыстар туралы жеті кең тараған тұжырымды талдап, қайсысы шындыққа сай, қайсысы аңыз екенін айтқан болатын.
Астана:
2 қазан: айнымалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +18…+20°С.
3 қазан: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыс 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +15…+17°С.
4 қазан: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр, күн соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-батыс 9-14, күндіз екпіні 15-20, кейде 25 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +8…+10°С.
Алматы:
2 қазан: айнымалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел оңтүстік-батыс 5-10, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.
3 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +23…+25°С.
4 қазан: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +24…+26°С.
Шымкент:
2 қазан: айнымалы бұлтты, түнде кейде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыс 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +22…+24°С.
3 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +26…+28°С.
4 қазан: айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кейде қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +17…+19°С.
