Қазақстан астанасы мен ірі қалаларында 10-12 қазан аралығында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 10 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Әлсіз жел соғады. Ауа температурасы түнде +2°С, күндіз +11+13°С.
11 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2°С, күндіз +13+15°С.
12 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 12 метрге жетеді. Түнде +4+6°С, күндіз +15+17°С.
Алматыда 10-11 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.
12 қазанда ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіні секундына 13 метрді құрайды. Түнде +11+13°С, күндіз +17+19°С.
Шымкентте 10 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 6-11 метр. Түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С.
11 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.
12 қазанда ала бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.
