3-5 қазан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр, қар және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 3 қазанда ала бұлтты, күн соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы +9…+11°С, күндіз +19…+21°С.
4 қазанда ала бұлтты, түнде жаңбыр, күн соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20, кейде 25 м/с. Түнде +5…+7°С, күндіз +8…+10°С, одан әрі төмендейді.
5 қазанда бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кейде 30 м/с және одан да күшті. Түнде 0…+2°С, күндіз +3…+5°С.
Алматыда 3 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с. Түнде +9…+11°С, күндіз +22…+24°С.
4 қазанда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8 м/с. Түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С.
5 қазанда ала бұлтты, жаңбыр, түнде кейде қатты жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 3-8, кейде екпіні 15-18 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +12…+14°С.
Шымкентте 3 қазанда ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +12…+14°С, күндіз +27…+29°С.
4 қазанда ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кейде қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып 8-13, екпіні 15-20 м/с. Түнде және күндіз +15…+17°С.
5 қазанда ала бұлтты, түнде жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +8…+10°С, күндіз +13…+15°С.
