...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Апта соңында Алматыда +19°С, Шымкентте +25°С болады

Қараша аяғында ауа райы күрт жылынып, оңтүстік өңірлерде термометр бағаны +25°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда 24 қарашада ауа райы ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел батыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +7…+9°С, күндіз +17…+19°С болады.

25 қарашада ала бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел батыстан 3-8 м/с соғады. Түнде +5…+7°С, күндіз +15…+17°С.

26 қарашада ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Түнде +7…+9°С, күндіз +17…+19°С.

Шымкентте 24 қарашада ала бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +9…+11°С, күндіз +12…+14°С.

25 қарашада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с соғады. Түнде +8…+10°С, күндіз +18…+20°С.

26 қарашада ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +11…+13°С, күндіз +23…+25°С.

Астанада ауа райы жылы болады, бірақ оңтүстіктегідей емес. Мұнда термометр бағаны тек +7°С-қа дейін көтеріледі.

Елордада 24 қарашада ала бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с соғады. Түнде -1…+1°С, күндіз +2…+4°С.

25 қарашада ала бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады. Түнде 0…-2°С, күндіз +3…+5°С.

26 қарашада ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде 0…-2°С, күндіз +5…+7°С.