...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы танымал клуб полиция тексерісінен кейін жабылды

Алматының Медеу ауданында полицейлер «Тот самый BHB» атты түнгі клубтың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Клуб келушілерді үш ай бойы қабылдай алмайды.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл туралы өз парақшасында жариялады.

2 қыркүйекте Алматы полицейлері түнгі ойын-сауық орындарына барып, адам көп жиналатын жерлерде күштерін арттыратыны хабарланған болатын. 13 қарашада полиция рейдинен кейін Жангелдин көшесіндегі «5 Жұлдыз» ойын-сауық орнының жабылғаны белгілі болды. 18 қарашада полиция ZION түнгі клубының үш айға жабылғанын айтты.