...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматының екі ауданында ауыз су уақытша тоқтатылады

Алматының екі ауданында Есентай өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы су» Instagram парақшасында жариялаған хабарламаға сәйкес, магистралдық су құбырын қайта жабдықтау жұмыстарына байланысты ауыз су беру 18 қыркүйекте сағат 20:00-ден 19 қыркүйектегі сағат 06:00-ге дейін тоқтатылады.

Су өшірілетін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар:

Медеу ауданы — Esentai City, Belleview тұрғын кешендері, Әл-Фараби даңғылы №120, 128, Каппаров көшесі №167, 181, 185.

«Жұмыс аяқталған соң су сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Желілер толық тазартылғанша кір жуғыш машиналар мен ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ өзге де сантехникалық құрылғыларды пайдаланудан бас тартуға кеңес береміз», — деп ескертті тұрғындарға.

«Алматы су» тұрғындар мен тұтынушылардан жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін 18 қыркүйекте сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар тұрғын сусыз қалатыны хабарланған болатын.