Алматыда қала күніне орай өтетін іс-шараларға байланысты Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеу 17 қыркүйек сағат 22:00-ден 21 қыркүйек сағат 24:00-ге дейін жалғасады. Осыған байланысты №16, №37, №48, №126, №201, №205, №206, №209, №210 және №224 автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.
Қала күнін мерекелеу аясындағы негізгі іс-шаралар 19-20 қыркүйекте өтеді.
Көлік холдингінің мәліметінше, бағыттар шығыс және батыс бағыттар бойынша өзгертілген сызбалармен жүреді. Шығыс бағытта: Төле би көшесі (шығыс) – Абылай хан даңғылы (солтүстік) – Кабанбай батыр көшесі (шығыс) – Назарбаев даңғылы (оңтүстік) – Төле би көшесі (шығыс) – әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта: Төле би көшесі (батыс) – Назарбаев даңғылы (оңтүстік) – Бөгенбай батыр көшесі (батыс) – Абылай хан даңғылы (оңтүстік) – Төле би көшесі (батыс) – әрі қарай сызба бойынша.
Кейбір бағыттар үшін өзге де нұсқалар қолданылады: Төле би (шығыс) – Абылай хан (солтүстік) – Гоголь көшесі (шығыс) – Қалдаяқов көшесі (солтүстік) – әрі қарай сызба бойынша; батыс бағытта: Қалдаяқов (оңтүстік) – Гоголь (батыс) – Абылай хан (оңтүстік) – Төле би (батыс) – әрі қарай сызба бойынша. Сондай-ақ Желтоқсан көшесі (солтүстік) – Гоголь (шығыс) – Назарбаев (оңтүстік) – Төле би (шығыс) – әрі қарай сызба бойынша; батыс бағытта: Төле би (батыс) – Назарбаев (оңтүстік) – Гоголь (батыс) – Наурызбай батыр (оңтүстік) – әрі қарай сызба бойынша.
Жолаушыларға алдын ала жоспарлау ұсынылады.
