...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен Шымкентте +32°С, Астанада жаңбыр: 18-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірқатар қаласында 18-20 қыркүйек күндері ауа райы құбылмалы болады: оңтүстікте ауа температурасы +32°С-қа дейін көтерілсе, Астанада жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 18 қыркүйекте ауа райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады. Түнде ауа температурасы +12+14°С, күндіз +23+25°С болады.

19 қыркүйекте ала бұлтты, түнде жаңбыр, күндіздің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.

20 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда 18 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С.

19 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.

20 қыркүйекте ала бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте 18 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

19 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

20 қыркүйекте ала бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С.