Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар тұрғын үйде су беру уақытша тоқтатылады. Себебі — Есентай өзені арқылы өтетін көпірді және Әл-Фараби даңғылы бойындағы магистральдық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 18 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Тимирязев, Жароков көшелері мен Абай, Әл-Фараби даңғылы аралығындағы аумақта су беру тоқтатылады.
Бұл шектеу көрсетілген аумақта тұратын тұрғындарға әсер етеді.
«Жұмыс жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — деді әкімдікте алматылықтарға үндеу жасап.
