...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Алматылық медбике нәрестені әлдилеп, желі қолданушыларын тәнті етті

Алматылық неонатолог-реаниматолог Умид Алимухамедов Instagram желісінде медбикенің нәрестені әлдилеп ән салып жатқан бейнесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Видео авторы қазақстандықтардан осындай медициналық қызметкерге өз сәбиін сеніп тапсырар ма еді деп сұрақ қойды. Жарияланым бір тәулікте 166 мың қаралым жинады. Пікірлерде адамдар бейне кейіпкерінің сезімталдығы мен қамқорлығына тәнті болды.

Неонаталдық хирургия реанимация бөлімінде туа біткен даму ақаулары және операцияға дейінгі және кейінгі кезеңдегі хирургиялық патологиясы бар жаңа туған нәрестелерге қарқынды емдеу жүргізіледі.

«Қандай мейірімді және қамқор әйел. Бойында қаншама махаббат пен жылу бар», – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

Басқа пікірлерде: «Адам осы жұмыс үшін жаралған», «Осындай жүрегі жылуға толы адамдар арқасында әлем әдемі», «Бұл – өз ісіне деген сүйіспеншіліктің көрінісі», «Біздің неонаталдық медицина қызметкерлері тамаша», – деп атап өтілді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өзеннен күшікті құтқарған ер адамның бейнесі тараған болатын. Ол қызымен келе жатып, қиындыққа тап болған жануарды көріп, көмекке ұмтылған.