...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қаржы

Алматылық Хоргос арқылы 488 млн теңгелік алтын шығармақ болған

Алматы тұрғыны денесіне 5,764 кг алтын құйма жасырып, оны Хоргос арқылы шығармақ болған. Құны 488 млн теңгеге бағаланған асыл металды заңсыз өткізу әрекеті үшін сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам алтын құймаларды шекара бақылауынан өткізу үшін өз денесіне бекітіп алған. Жалпы салмағы 5,764 кг болатын металл 488 млн теңгеге бағаланды.

Сот істі қарап, аталған азаматтың кінәсін дәлелденді деп таныды. Оған қатысты заңдық шешім шығарылды.