...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылық оқушылар республикалық олимпиадада үздік атанды

Алматылық оқушылар Астанада өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Зияткерлік сайыс 2026 жылы 19–22 мамыр аралығында өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 547 оқушы қатысты. Алматыдан 25 оқушы бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы командасы «Үздік олимпиадалық команда-2026» номинациясында бірінші орын алды. Жеке есепте алматылық оқушылар 3 бірінші, 2 екінші және 8 үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.

Дереккөз: Inalmaty.kz