...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылық оқушылар республикалық олимпиадада бірінші орын алды

2026 жылдың 19-22 мамыры аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 547 оқушы қатысты. Оның ішінде Алматы қаласынан 25 оқушы бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Қорытынды бойынша «Үздік олимпиада командасы-2026» номинациясында Алматы қаласының командасы I орынды иеленді. Алматылық оқушылардың жеке нәтижелері: I орын – 3 оқушы, II орын – 2 оқушы, III орын – 8 оқушы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Төрт күн бойы қатысушылар жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындап, әртүрлі пәндер бойынша терең білімдерін көрсетті.

Дереккөз: Almaty.tv