...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдан Ханой мен Прагаға тікелей рейстер іске қосылады: Vietjet 10 қазаннан бастап

Vietjet авиакомпаниясы Алматыдан Ханой мен Прагаға жаңа халықаралық рейстерді іске қосады. Ұшулар 2026 жылдың 10 қазанынан басталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа бағыттар тасымалдаушының халықаралық маршруттық желісін кеңейту аясында енгізіліп, 20 ел мен аймақтағы 186 бағыт бойынша ыңғайлы стыковкаларды қамтамасыз етеді. Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері Airbus A330 ұшақтарымен орындалады.

Алматы – Ханой бағыты бойынша ұшу Алматыдан 8:10-да, Вьетнам астанасына 16:20-да (жергілікті уақыт) қонумен жүзеге асады. Кері рейс Ханойдан 8:25-те ұшып, Алматыға 12:50-де қонады.

Алматы – Прага рейсі Алматыдан 14:20-де ұшып, Прагаға 18:55-те қонады. Чехиядан кері ұшу 20:30-ға жоспарланған, Алматыға келесі күні 7:10-да қонумен.

Deluxe тарифі бойынша билет құны бір бағытқа 185 мың теңгеден басталады, бұған алымдар кіреді. Тарифке 40 кг тіркелген багаж, 10 кг қол жүгі, бортында ыстық тамақ, орын таңдау және рейсті тегін өзгерту мүмкіндігі енгізілген.

Дереккөз: Inalmaty.kz