...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылық Камиля Досмалова Азия чемпионы атанды: паратхэквондо бойынша алтын медаль

Моңғолия астанасы Улан-Баторда өтіп жатқан XI Азия чемпионатында паратхэквондошы Камиля Досмалова алтын жүлдеге ие болды. Жарысқа Азияның 15 елінен 94 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматылық спортшы К44 класының 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда Иран өкілі Захра Рахимді 2:0 есебімен жеңді. Бұл — Камиляның континенттік додадағы алғашқы алтын медалі.

Қалалық спорт басқармасының мәліметінше, Досмалова Қазақстанның жетекші паратхэквондошыларының бірі. Ол бұған дейін Паралимпиада ойындары мен Азия Параойындарында ел намысын қорғаған.

Бұл турнирдің G-2 статусы ерекше маңызды: алтын үшін спортшыға 20 рейтингтік ұпай беріледі. Бұл ұпайлар әлемдік рейтингтегі орнын көтеріп, халықаралық жарыстарға іріктеуде шешуші рөл атқарады.

Дереккөз: Almaty.tv