...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдан Варшаваға тікелей рейс: LOT Polish Airlines 1 маусымнан бастап ұшады

Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Варшава – Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. Рейстер аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі) Boeing 737 MAX ұшақтарымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа бағыттың ашылуымен Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің жалпы саны екі бағыт бойынша аптасына 8-ге жетті. Польша әуекомпаниясы бұған дейін Астана – Варшава бағытында да аптасына 4 рейс орындап келген.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Польша авиациялық билігі Атырау – Варшава – Атырау бағытында рейс ашу туралы келісімге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың 19 мамырында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев авиабилет бағасының өсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген еді.

Дереккөз: Zakon.kz