...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыдан Ақтауға «закладка» жасауға келген қыз 7 жылға сотталды

Алматыдан Ақтауға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген 20 жастағы қыз жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сотта анықталғандай, күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі таратуға әрекеттенген. Ол Алматыдан Ақтауға арнайы келіп, «закладка» жасау арқылы синтетикалық есірткіні таратуды жоспарлаған.

Қыздың әрекеті есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс ретінде бағаланып, сот оны кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.