...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыдағы жеке мектептерде баға өскен соң мемлекеттік мектептерге оқушы ағыны байқала ма?

Алматыдағы жеке мектептерде бағаның өсуіне байланысты мемлекеттік мектептерге оқушылардың ағыны байқала ма, деген сұраққа Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев жауап берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сәкен Аралбаевтың айтуынша, мемлекеттік мектептерге келіп жатқан оқушылар санына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Бүгінгі күні ондай үлкен ағын байқалмайды. Егер белгілі бір мектеп жабылатын болса, мемлекеттік мектептер оқушыларды қабылдап, орта біліммен қамтамасыз етуге дайын, — деп түсіндірді басқарма басшысы РСК-дағы брифингте.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Алматыда 360 мектеп жұмыс істейді, оның 227-сі — мемлекеттік, 133-і — жеке меншік. Онда барлығы 357 225 бала білім алады. Мемлекеттік секторда 314 456 оқушы тіркелген, ал жеке мектептерде — 42 769 бала.

Биыл негізгі мектепті (9 сынып) 27 186 оқушы бітірді, оның 2208-і үздік аттестат алды. 11-сынып түлектерінің саны 17 187 адамды құрады, оның ішінде 790 түлек «Алтын белгі» иегері, ал 2083-і үздік аттестат алды.

Дереккөз: Nur.kz