Алматы облысында Алматы – Шелек – Хоргос трассасында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өліммен аяқталған жол апаты кеше, 23 маусымда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы өмірмен сыйыспайтын жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Haval көлігінің кінәлі жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізілуде.
Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Дереккөз: Inalmaty.kz