...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы полицейскийін өлтіріп, өртеп кетті: мәйіт жол бойынан табылды

2026 жылғы 23 маусымда Кеген ауданында Көкпек – Көктал – Кеген автожолының 52-шақырымында, Кеген асуы маңында жолдан шеткері жерде ер адамның күйген мәйіті табылды. Қаза тапқан адам – Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының аға жедел уәкілі, ішкі істер органының қызметкері болып шықты. Оның денесі толығымен өртенген. Қарау кезінде оң қолынан арқан қалдықтары табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қылмысқа қатыстылығына күдікті ретінде қайтыс болған полицейдің бұрын Бостандық ауданы полиция басқармасында жұмыс істеген әйелі мен олардың кәмелетке толмаған ұлы тексерілуде.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізілуде. Қылмыстық іс қай бап бойынша қозғалғаны хабарланбады.

2026 жылғы 14 маусымда Жетісу облысы Текели қаласында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Дереккөз: Zakon.kz