...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы жатақханада студент қызды топпен ұрып-соққан: сот бір қатысушыны жауапқа тартты

Алматыдағы жоғары оқу орнының 17 жастағы студент қызы жатақханада топпен ұрып-соғуға ұшырағанын мәлімдеді. Оқиға 2025 жылғы 17 желтоқсанда болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құрбанның айтуынша, оны екінші курс студенттері шақырып алып, ұзақ уақыт бойы ұрып-соққан. Оны мойнынан қысып, басын қабырға мен темір кереуетке соққан, шашынан тартып, күшпен ұстап, шығуға рұқсат бермеген. Ол әлеуметтік желідегі Threads парақшасында: «Мені тұншықтырды. Басымды қабырғаға және темір кереуетке соқты. Шашымнан тартты. Күшпен ұстап, шығуға рұқсат бермеді. Күшім кетіп, жағдайым нашарлағанын сездім. Ең сорақысы – айналамда адамдар болды, олар жай ғана қарап тұрды. Кейбіреуі болғанды видеоға түсірді. Кейбіреуі есікті жауып қойды. Ешкім уақытында тоқтатпады», – деп жазды.

Қыздың айтуынша, жанжалдың себебі – жатақханада тазалық сақтауды сұрағаны. Оқиғадан кейін жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген, онда бас-ми жарақаты, соққылар, гематомалар, қан кету және басқа да зақымдар анықталған.

«17.12.2025 жылы мені жатақхана бөлмесіне сөйлесу деген желеумен шақырды, онда маған қатысты топтық зорлық-зомбылық жасалды. Б. ұзақ уақыт бойы дене жарақатын салды, тұншықтыру әрекеттерін жасады, шашымнан тартты, қорлады және кешірім сұрауға мәжбүрледі. Сонымен қатар есікті ұстап, болғанды видеоға түсіру арқылы менің еркін шығуыма және көмек сұрауыма жол бермеді. Мен бөлмеде іс жүзінде бұғатталдым және өз бетіммен шыға алмадым. Тек басқа адамдар мен жатақхана қызметкерлерінің назарын аударғаннан кейін ғана жағдай тоқтатылды», – делінген қыз атынан Instagram-дағы budetgrom_ парақшасында жарияланған мәтінде.

Университетте жанжал фактісін растап, қатысушылардың ата-аналары құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін хабарлады. Сот бір қатысушыны кінәлі деп тауып, оған қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Дереккөз: Nur.kz