...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайына кіру схемасы өзгерді: Майлин көшесі жабылады

Алматы әуежайында кіреберіс тобын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Осыған байланысты Майлин көшесі жағынан кіру уақытша жабылып, жүргізушілер Ахметов көшесі арқылы үш кіреберістің біріне бағытталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдегендей, қала тұрғындары мен қонақтары әуежай аумағына Ахметов көшесінен «Ақсұңқар» қонақ үйінің қарсысында орналасқан үш кіреберіс арқылы кіре алады. Шығу, бұрынғыдай, Майлин көшесіне қарай жүзеге асырылады.

«Жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және жолаушылар мен қонақтарға қолайлылық деңгейін арттыру үшін жүргізілуде. Жолаушылар мен қонақтардан келу уақытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, себебі ең жоғары сағаттарда кептеліс болуы мүмкін», — делінген әуежай хабарламасында.

Қосымша сұрақтар немесе кіруде қиындықтар туындаған жағдайда жүргізушілер +7 777 009 90 68 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ әуежай аумағындағы арнайы киімдегі қызметкерлерден көмек алуға болады.

Дереккөз: Nur.kz