Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір учаскесінде жолдың орташа жөндеуі басталады. Қала тұрғындары мен қонақтарын шектеулер туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рысқұлбеков көшесіндегі қозғалыс 25 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін ішінара жабылады. Шектеулер Мустафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі учаскені қамтиды.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz