Алматы полициясы орталық көшелерде тұрақ ережесін бұзушылықтардың жолын кесу үшін кезекті рейд өткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Арнайы техниканы қолданумен өткен іс-шара Алмалы ауданында ұйымдастырылды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүйелі жұмыс орталық көшелердің жүктемесін азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
— Кеше Алмалы ауданында эвакуаторлардың қатысуымен рейд өтті. Алғашқы сағаттарда 50-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. 28 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді, — деді Алматы полиция департаментінде.
Полиция тұрақ ережесін бұзу ұсақ-түйек емес екенін, өйткені бұл кептелістерге, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыруға және қауіпсіздікке қатер төндіретінін еске салды. Құқық қорғаушылар автокөлік иелерін ережелерді сақтауға және көліктерін рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға шақырып, бұл бағыттағы бақылау күшейетінін айтты. Еске салайық, жақында Алматыдағы ақылы тұрақтар маңайдағы үй тұрғындары үшін тегін болуы мүмкін.
Дереккөз: Inform.kz