
Алматы қаласындағы коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар нөсер жауыннан болатын жергілікті су басулардың алдын алу және жою үшін тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, тәуліктік жұмысқа 3080 жол жұмысшысы мен 1225 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Олардың қатарында «Алматы Тазалық» ГКК және мердігер ұйымдардың күштері де бар.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 16 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескерткен болатын.
Дереккөз: Zakon.kz