
Алматы қаласының ТЖД 11 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындар мен қонақтарды ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, мегаполисте қатты жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ТЖД «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сілтеме жасап, түнде Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр жауатынын хабарлады. Солтүстік-батыс желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-18 метрге жетуі мүмкін.
Әсіресе Іле-Алатау таулы аудандарында, оның ішінде Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің алаптарында ауа райы қиын болады. Онда синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпіні секундына 23 метрге дейін жететін дауылды жел болжайды.
Ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылар тұрғындарға тауға шығудан бас тартуды және мүмкін болса, табиғат аясына шығуды кейінге қалдыруды ұсынады.
Сондай-ақ ТЖД қатты жел кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салды. Автокөлік иелеріне көліктерін ағаштардың астына қоймауға, ал тұрғындарға терезелерді мықтап жауып, жел ұшырып кетуі мүмкін заттарды балкондардан алып тастауға кеңес береді.
Дауылды жел кезінде қала тұрғындарына жарнама тақталарының, ағаштардың, салынып жатқан ғимараттардың және электр желілерінің жанында болмау ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz