
Алматыдағы ойын-сауық мекемелеріндегі камералар іздеудегілерді, хабар-ошарсыз кеткендерді және жасөспірімдерді анықтайтын болады. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әзірбектің айтуынша, полиция ойын-сауық мекемелерінде тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Қалада мұндай 885 нысан жұмыс істейді, оның 85-і қоғамдық тәртіпке барынша әсер етеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде бірқатар мекеменің қызметі тоқтатылды.
Онда төбелестер, маскүнемдік бүліктер, жанжалдар және тағы басқалар орын алады. Қабылданған шаралар нәтижесінде бұзушылықтарға жол бергендердің көпшілігінің қызметі Алматы полициясының бастамасымен сот шешімімен тоқтатылды, — деді Салтанат Әзірбек.
Ол сондай-ақ полиция әкімдікпен бірлесіп ойын-сауық мекемелерін бет-әлпетті тану функциясы және Орталық басқару пультіне шығару мүмкіндігі бар интеллектуалды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жобасын іске асырып жатқанын айтты. Қазірдің өзінде 20 нысан қосылған, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Камералар бұл мекемелерде іздеудегі адамдардың, оның ішінде хабар-ошарсыз кеткендердің, қылмыскерлердің, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болуына болмайтын жасөспірімдердің пайда болуына ден қояды, — деп түсіндірді Әзірбек.
Полиция департаментінің ресми өкілі мұндай алдын алу шаралары мегаполистегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға көмектесетінін атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz