...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы LRT: бір құрам 285 жолаушыны тасымалдайды

Алматы әкімдігінің мәліметінше, оңтүстік астанадағы LRT бір құрамы 285 жолаушыны тасымалдай алады. Құрамның орташа жылдамдығы 35 км/сағ болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер NUR.KZ тілшісіне ТЭО аясында LRT инфрақұрылымын салуға арналған шығындар қарастырылғанын, оның ішінде эстакадалар, станциялар, инженерлік желілер және басқа да ілеспе құрылыстар бар екенін айтты. Алайда вагондарды сатып алу құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамына кірмейді.

«Вагондарды сатып алу жеке жоба аясында жүзеге асырылады, ол жылжымалы құрамды жеткізуді, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, сынақтарды және пайдалануға беруді көздейді», — деп хабарлады әкімдік.

Аталған жоба бойынша тиісті құжаттама әзірленіп, кейін белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтеді. Қазіргі уақытта LRT вагондарын жеткізуші анықталмаған, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамалары пысықталуда.

Құрамның есептік сыйымдылығы — 285 жолаушы (отыратын және тұратын орындарды қоса алғанда), орташа жылдамдығы 35 км/сағ болады. Әкімдік жоба құны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін анықталатынын нақтылады.

Дереккөз: Nur.kz