
Алматыда ТЖМ қызметкерлері кафедегі өртті жедел сөндіріп, жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өрт Алматының Әуезов ауданында, Ясауи көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың екінші қабатында болған. Құтқарушылардың мәліметінше, сол жердегі жиһаз тұтанған.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері дерекө сөндіру жұмыстарына кірісіп, шамамен 50 шаршы метр аумақтағы өртті жойып, оның таралуына жол бермеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Дереккөз: Inalmaty.kz