...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы әуежайында Бангкоктан 11 кг гашиш майын әкелген шетелдік ұсталды

Алматы әуежайында 20 жастағы шетелдік азамат Бангкоктан Қазақстанға 11 кг гашиш майын әкелмек болып, полиция қызметкерлері мен ҰҚК шекара қызметінің бірлескен іс-шарасы кезінде ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсінің жолаушысын жеке қарау кезінде 12 пластик ыдыста жалпы салмағы шамамен 11 кг гашиш майы табылды. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабымен (есірткінің контрабандасы) іс қозғалды.

«Бұл баптың санкциясы 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Биылғы жылдың басынан бері Қазақстан аумағына есірткінің контрабандалық әкелінуінің 57 фактісінің жолы кесілген.

Дереккөз: Nur.kz