...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Ганди саябағында отшашу атылып, ата-аналар дүрлікті

Алматы тұрғындары Ганди саябағында демалып жатқандардың қасында белгісіз біреулердің отшашу атқанына шағымданды. Қалалық Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Kris_p_almaty_official Telegram-арнасында видео жарияланып, онда Алматыдағы Ганди саябағында демалып жатқандардың қасында отшашу атқылағаны көрсетілген.

«Кешкі уақытта бір топ ер адам демалып жатқандардың дәл қасында отшашу атты. Көзәушілердің айтуынша, отшашу қорабы құлап, оқтар саябақ аумағына шашырап кеткен. Ата-аналар дүрлігіп, балалар қорыққан. Бұл оқиға қала тұрғындарының наразылығын тудырды», — делінген хабарламада.

NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментіне сауал жолдаған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық орында пиротехникалық бұйымдарды ату фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылар мен барлық мән-жайлар анықталуда. Тексеру нәтижесінде олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Сонымен қатар, 102 пультіне осы факт бойынша ешқандай хабарлама түспегенін ескертеміз. Алайда полицияға уақтылы хабарласу мұндай жағдайларға жедел ден қоюға және «ізін суытпай» шара қолдануға мүмкіндік береді», — деп жауап берді ДП.

Дереккөз: Nur.kz