...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы базардан 13 мыңнан астам қауіпті жұмыртқа тәркіленді

Алматыдағы «Барыс-IV» базарында тексеру кезінде 13 680 заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сауда министрлігінің мәліметінше, өнімдер ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз, тиісті таңбалаусыз және арнайы қаптамасыз сатылған. Тексеру барысында жалпы саны 13 680 жұмыртқа айналымнан алынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге айыппұл салынды, — делінген министрлік хабарламасында.

Қауіпті өнімдерді жою ережелеріне сәйкес (ҚР Үкіметінің №140 қаулысы), 10 маусым 2026 жылы тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымына жеткізіліп, «Беккер шұңқырына» салынып, биотермиялық әдіспен залалсыздандырылды. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, басқа елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жіберілді.

Дереккөз: Nur.kz