...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы «Барыс-4» базарында 9 делдал анықталды

Сауда және интеграция министрлігі Алматыдағы ең ірі көтерме базар «Барыс-4»-те тоғыз делдалды анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг барысында нарықтағы көтерме сатушы-делдалдарға талдау жүргізіліп, нәтижесінде 9 делдал анықталған.

Кәсіпкерлер мен сауда орнының әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптары түсіндірілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15%-дық сауда үстемесін сақтау және баға белгілері дұрыс рәсімделіп, қолжетімді жерде орналасуы қажеттігіне ерекше назар аударылды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда, анықталған барлық делдалдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты материалдар өңірлік комиссия отырысында қаралатын болады, — делінген министрлік хабарламасында.

14 сәуірде премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі базарлардағы бағаның өсуіне кімнің себепші болып отырғанын айтқан еді.

Базарларда заңсыз әрекет ететін «ұйымдасқан топтар» бар екені жасырын емес. Олар көкөніс, жеміс, ет және басқа да өнімдердің құнын жасанды түрде көтереді. Бұл — өнімсіз делдалдар, — деген болатын премьер-министр.

Ол Сауда министріне еліміздегі базарларда тәртіп орнатуды тапсырған.

Дереккөз: Nur.kz