...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы жер сілкінісі: қала мен облыста қанша балл сезілді

Алматы маңында болған жер сілкінісінің ошағы қаладан 8 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмологиялық станциялар желісі тіркеген деректерді жариялады. Жерасты дүмпуі Астана уақытымен 9:38-де болған.

Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпу әр елді мекенде әртүрлі деңгейде сезілді:

  • Алматы қаласынан 6 шақырым жерде — 3-4 балл;
  • Қарасай (Қасқелен) ауылынан 18 шақырым жерде — 2-3 балл;
  • Боралдайдан 19 шақырым жерде — 2-3 балл;
  • Өтеген-Батыр ауылынан 28 шақырым жерде — 2 балл.

Бұған дейін «ННЦСНиИ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласында жер сілкінісін тіркегені хабарланған болатын.