...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы жарық өшкенде «Сергек» жол ережесін бұзуды тіркеді ме

14 тамызда Алматыда электр қуаты өшіп жатқан кезде «Сергек» бейнебақылау кешендерінің қалай жұмыс істегенін Kazinform агенттігінің тілшісі анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Сергек» жұмысына жауапты компанияда кешендердің әртүрлі қуат көздері бар екенін мәлімдеді.

— Бір бөлігі қалалық электр желісіне қосылған, бір бөлігі автономды қуат көздерімен жабдықталған. Сондықтан электр қуаты өшкенде кейбір кешендер жұмысын жалғастырады, — деп түсіндірді «Сергекте».

«Сергек» камераларының бұзушылықтарды тіркеуіне келсек, мұнда ерекшеліктер бар.

— Бағдаршам өшіп тұрғанда бағдаршам сигналдарына қатысты бұзушылықтар тіркелмейді: жүйе бағдаршам контроллерінен сигнал жоқтығы туралы ақпарат алады. Ал қалған бұзушылықтар, оның ішінде жылдамдықты асыру, жұмыс істеп тұрған кешендермен тіркеле береді. Сондықтан жүргізушілер электр қуатының өшуіне сенбеуі керек және жол қозғалысы ережелерін сақтау маңызды, — деп хабарлады «Сергекте».

Алматыдағы жаппай электр қуатының өшуіне байланысты барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын еске салайық.

Бұған дейін KEGOC 14 тамызда Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзушылық болғанын хабарлаған. Электр беру желілері өшірілген, энергетиктер көп ұзамай электр желілерін қалпына келтіре алды.