...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы өрттен үш мотоцикл мен көлік эвакуацияланды

Алматының Түрксіб ауданы Қайрат шағын ауданындағы бір қабатты ғимаратта өрт болып, түтінденген ғимараттан үш мотоцикл мен жеңіл көлік эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне Түрксіб ауданы Қайрат шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт бір қабатты ғимаратта болған. Құтқарушылар келген кезде шатырды жалын шалған, көрші тұрғын үйге өрттің ауысу қаупі төнген.

«Өрт сөндірушілер өртті жедел оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді. Өрт сөндіру кезінде түтінденген ғимараттан үш мотоцикл мен жеңіл автомобиль эвакуацияланды. Мүлікті сақтап қалуға мүмкіндік туды», — деп атап өтті ТЖМ.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.

Дереккөз: Nur.kz