...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Жетісу-Семіречье» базарының бір бөлігі бұзылуда

Алматыда «Жетісу-Семіречье» базарының аумағындағы заңсыз салынған сауда нысандары бұзылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру барысында «Статус Construction» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз жалпы ауданы 56,4 мың шаршы метр сауда үй-жайларын салғаны анықталған.

Алматы қалалық сотының қаулысымен заңсыз нысандарды бұзу туралы мамандандырылған экономикалық соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылып, материалдар әділет департаментіне орындауға жіберілді.

Меншік иесі нысандарды өз бетінше бұзуды бастаған.

Бұған дейін, 2 қазанда Алматыда дүкен мен шинамонтаж пунктінің бұзылғаны хабарланған болатын.

Жыл басынан бері Алматыда 52-ден астам заңсыз салынған нысан толығымен немесе ішінара бұзылды.