Алматыдағы Бостандық ауданындағы Абай даңғылында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерде жиһаз өртеніп, өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша келді. Кіреберісте қатты түтін байқалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тұрғындарды құтқару үшін жедел штаб құрылып, газтүтіннен қорғау қызметінің буындары жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт сөндіру автобаспалдағы орнатылды.
Баспалдақпен түтін аймағынан 42 адам эвакуацияланды. Тағы 85 тұрғын, оның ішінде төрт бала, арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат «112» қызметіне түскен жоқ.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) аумағында өрт болғаны хабарланған еді.
