...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: 100-ден астам адам эвакуацияланды

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданындағы Дарабоз шағын ауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде өрт болып, 100-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«112» пультіне түскен хабарлама бойынша, өрт көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерлердің біріндегі ас үй бөлмесінде ашық жанған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, өрттің ашық жалынмен жанғанын анықтаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу барлау жүргізіп, тұрғындарды құтқару және эвакуациялау шараларын бастады. Газтүтіннен қорғау қызметінің буындары баспалдақпен арнайы қорғаныш қалпақтарын пайдаланып, 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Сонымен қатар, шамамен 100 адам эвакуацияланды.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі еске салады: өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде дереу «112» нөміріне хабарлау қажет.

Бұған дейін Алматы қаласы Бостандық ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 127 адамды құтқарып, эвакуациялаған болатын.