Алматыда алдағы демалыс күндері Абылай хан даңғылында LRT құрылысына байланысты уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Нақтырақ айтқанда, 29 тамыз сағат 08:00-ден 30 тамыз сағат 16:00-ге дейін Төле би көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі аралықта инженерлік желілерді қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қозғалыс толығымен жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Өз жолыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар, демалыс күндері Шаймерденов көшесінің бір бөлігі де уақытша жабылады. Бұл жолы LRT құрылысына байланысты емес, жолдың орташа жөндеу жұмыстарына байланысты. 29 тамыз сағат 06:00-ден 30 тамыз сағат 13:00-ге дейін Жандосов көшесінен Сейдімбек көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
