...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жыл басынан 333 мыңға жуық қызмет көрсетті

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ мен аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2022 жылы құрылған «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ зейнеткерлер арасында сұранысқа ие болғандықтан, 2024 жылдың ақпан айынан бастап қалалық Орталықтың 3 бөлімшесі ашылды – екеуі Бостандық ауданында, біреуі Медеу ауданында. Оларға күніне шамамен 500 адам келеді.

Жыл басынан бері орталыққа 13 302 зейнеткер жүгініп, оларға 48,4 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ Алматы қаласының аудандық әкімдіктері жанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ базасында 18 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Аудандық орталықтарға жыл басынан 8 834 адам жүгініп, оларға 284,7 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Орталықтардың негізгі мақсаты – зейнеткер жастағы адамдарды белсенді, мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру арқылы олардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру.

Дереккөз: Almaty.tv