...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы №68 автобус бағыты жөндеуге байланысты 12-15 тамызда қысқарады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты №68 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Бұл туралы Транспорттық холдингтің Telegram-арнасында хабарланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

12-15 тамыз аралығында жүргізілетін жөндеу жұмыстары кезінде №68 автобустың соңғы аялдамасы уақытша «Орталық / Жұлдыз» аялдамасына ауыстырылады. Жөндеу аяқталған соң бағыт бұрынғы схемаға қайта оралады.

Солтүстік бағытта: соңғы аялдама «Орталық / Жұлдыз» – Салықов көшесі (батыс) – Рахмадиев көшесі (солтүстік) – Алматы көшесі (батыс) – Жароков көшесі (солтүстік) – Вишневая көшесі (оңтүстік) – Алматы көшесі (шығыс) – Шығыс көшесі (шығыс) – Жәңгір хан көшесі (шығыс) – Арайлы көшесі (солтүстік) – әрі қарай бұрынғы схемамен.

Кері бағытта: Арайлы көшесі (оңтүстік) – Жәңгір хан көшесі (батыс) – Шығыс көшесі (батыс) – Алматы көшесі (батыс) – Жароков көшесі (солтүстік) – Вишневая көшесі (оңтүстік) – Алматы көшесі (шығыс) – Рахмадиев көшесі (оңтүстік) – «Орталық / Жұлдыз» соңғы аялдамасына дейін.

Бұған дейін Алматы – Ұзынағаш жолындағы күрделі жөндеуге байланысты төрт автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгеретіні хабарланған болатын.