...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жылу желілері екі күн сыналады: 14-15 шілде

Алматыда 14 және 15 шілдеде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Гидравликалық сынақтар келесі аумақтарда өтеді:

Техникалық жұмыстар кезінде ыстық су беру тоқтатылмайды.

Құбырларды тексеру кезінде, таңғы сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін, тұрғындар мен қала қонақтарын сақ болуға шақырады.

— Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар: судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ешқандай өз бетінше әрекет жасамауға, оқиға орнын дереу тастап кетуге және болған жайтты хабарлауға сұраймыз, — деді «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Құбыр жарылған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласу қажет: 351-27-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 нөмірі бойынша.

Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.

Дереккөз: Inform.kz