...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Жұмабаев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс бір айдан астам уақытқа шектеледі

Алматының Жетісу ауданында 16 маусымнан 20 шілдеге дейін Жұмабаев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл кәріз желілерін қайта жаңартуға байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеулер 16 маусымнан 20 шілдеге дейін күшінде болады. Жұмабаев көшесінің Селская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Айналма жол Омаров және Палладин көшелері арқылы ұйымдастырылған.

Бұл учаскеде ұзындығы 716 метр кәріз құбырын ауыстыру жоспарланған. Желі 1967 жылы пайдалануға берілген және нормативтік қызмет мерзімін толығымен өтеген.

Мамандардың түсіндіруінше, қозғалысты шектеу жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қажет, өйткені қайта жаңартылатын құбыр тікелей жолдың астынан өтеді.

Жұмыс кезеңінде тұрғындар мен ұйымдарға суық су беру және су бұру қызметтері толық көлемде сақталады. Қазірдің өзінде ескерту жол белгілері мен айналма жол схемалары орнатылған. Автокөлік иелеріне маршруттарды жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Дереккөз: Nur.kz