...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Жұмабаев көшесі бес аптаға жуық ішінара жабылады

Жетісу ауданында Жұмабаев көшесінің бойында көлік қозғалысы бір айға жуық уақытқа шектеледі, бұған су бұру желілерін қайта жаңғырту жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік қозғалысы 2026 жылғы 16 маусымнан 20 шілдеге дейін Селдік көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі учаскеде шектеледі. Жүргізушілер үшін Омаров және Палладин көшелері арқылы айналма жол ұйымдастырылады.

Жұмыстар қала инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүргізілуде. 1967 жылы пайдалануға берілген және нормативтік пайдалану мерзімін толық өтеген ұзындығы 716 метр кәріз құбырын жаңарту жоспарланған.

Қозғалысты шектеу — мәжбүрлі шара, себебі қайта жаңғыртылатын желі учаскесі тікелей жолдың астынан өтеді. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық кезеңінде тұрғындар мен ұйымдарға суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері толық көлемде сақталады.

Автокөлік иелерінен бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Дереккөз: Inalmaty.kz