
Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Тергеу деректері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған. Ресурстың болжамды ұйымдастырушылары ұсталып, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сараланған, сот санкциясымен қамауға алынған. Тінту кезінде ірі көлемдегі ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер алынды, делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында, — деп қосты Бас прокуратурадағылар.
Дереккөз: Inform.kz