...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүздеген гимнастқа арналған ірі спорт кешені салынады

Алматыда спорттық және көркем гимнастиканың бірнеше түрін қамтитын мамандандырылған спорт кешені салынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Нысан №13 шағын ауданындағы 3/1 учаскесінде бой көтереді. Бұл туралы министрлік мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарланды.

Кешен құрамында спорттық және көркем гимнастика, батутты және аэробты гимнастика, спорттық акробатика залдары, сондай-ақ жарыс өткізуге арналған әмбебап зал болады.

Жобада хореография мен балалар гимнастикасына арналған залдар, медициналық және қалпына келтіру орталығы, әкімшілік ғимараттар мен жатақхана да қарастырылған.

Жобалық материалдарға сәйкес, кешен негізгі, жастар және юниор санаттарындағы 670-тен астам спортшыны даярлауға есептелген.

Бұған дейін Алматыдағы жаңа №1 перзентхананың қандай болатыны туралы бейнежазба жарияланған болатын.