...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүргізушілер көліктеріне балта мен бита алып жүр

Алматыда полицейлер жолдарда көліктерді тексеру барысында түрлі қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жетісу ауданындағы «Нұра» бекетінде тәртіп сақшылары Subaru маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде салоннан жиналмалы телескопиялық таяқша табылды. Оқиға орнына жедел топ шақырылды.

Телескопиялық таяқша (дубинка) – телескоп принципі бойынша ұзаратын жиналмалы металл, пластик немесе резеңке түтік. Кенеттен сермегенде немесе түймені басқанда ұзындығы 2–3 есе ұлғайып, соққы беруге арналған қатты таяқшаға айналады. ТМД елдерінің көпшілігінде (Қазақстанды қоса алғанда) телескопиялық дубинкалар соққы-ұсақтаушы әсердегі суық қару ретінде жіктеледі.

«Көкжиек» бекетінде полицейлер басқа көліктің жүксалғышынан балта мен бита тапты.

Алматы метросында қарапайым тексеру де қылмыстық тергеуге ұласты. Бір ер адамның мінез-құлқы тәртіп сақшыларына күдікті көрінді. Тексеру кезінде оның курткасының қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған орама табылды.